Бішкек белсенділері бейбіт шеруге шығып, биліктен елдегі жемқорлықпен шындап күресуді талап етпек. Бұл туралы ұйымдастырушылардың бірі әрі құқық қорғаушы Рита Карасартова Facebook парақшасына жазды.
"Біз қазір нақты мақсаты бар реформаларды талап етпесек, ештеңе өзгермейді. Сіздің елдегі жемқорлықпен күресу жұмыстарына көңіліңіз тола ма? Сіздің ұлттық қауіпсіздік комитетінің жұмысына көңіліңіз тола ма? Бюджеттің миллиондаған қаржысы көлеңкелі жолмен басқа жаққа кетіп жатқанымен және барлық күрес саяси репрессияға айналып жатқанымен келісесіз бе?", деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол наразы халықта маусымның 3-і күні орталық алаңға "Жемқорлықпен нағыз күрес" акциясына қатысуға шақырды.
Біз сағаттың ішінде президент пен парламентке елдегі жемқорлыққа қарсы жасалып жатқан жұмыстарға келіспейтінімізді көрсетеміз. Осы ақпаратты тараңыздар", деді ол.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы