Ресей Орталық африкалық республикаға (ОАР) екінші рет қару жібергелі жатыр деп хабарлайды RFI халықаралық француз радиосы. Бұл ақпаратты Ресей елшілігі растаған.
Ресми мәлімет бойынша, Мәскеу Бангуиге қайтарымсыз атыс қаруларын жібереді.
RFI ақпараты бойынша, 30 ресейлік сарбаз ОАР-да БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына қатысып жатыр.
Әскери көмектен бөлек, Ресей ОАР экономикасын қалпына келтіруге көмектесуді мойнына алған.
Ресей ОАР-ға бірінші рет 2018 жылдың қысында қару-жарақ жіберген.
2018 жылдың шілде айында ОАР-да "Вагнер жеке әскери компанияның" қызметі туралы деректі фильм түсірмек болған үш ресейлік журналист қаза тапты. "Досье" зерттеу орталығының жетекшісі Михаил Ходорковский журналистердің өліміне ресми Ресейдің қатысы бар деп есептейді. Ал Ресейдің тергеу комитеті журналистерге тонаушылар қастандық жасады деп мәлімдеген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?