«Италия үкіметі Қытай сынды демократиялы емес елдің маңызды ақпаратқа қол жеткізуін болдырмауы керек». Бұндай пікірді Италияның вице-премьер министрі Салвини дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде ортаға салды.
Италияның «Альянс» партиясының Салвини сол елдегі мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында Қытайды «демократиялық ел емес, империализм немесе қатаң бақылаудың қандай да бір түріндегі» ел деп бағалаған. Ол сұхбатында АҚШ-тың қытайлық Huawei компаниясын тыңшылықпен айыптауына қатысты сұраққа жауап беріп: «Италиялықтар туралы құпия ақпараттар италиялықтардың ғана қолында болуы керек» – деген.
Бұған дейін Италия Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасын алғаш рет қолдаған еуропалық ел болып еді. Бұл туралы пікірін сұрағанда Салвини өзі басқарып отырған «Альянс» партиясының пікірі билік партиясымен бірдей емес екенін айтқан. Ол бұған дейін де ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан маңызды желілерге Қытай технологияларын кіргізбеу туралы бірнеше рет пікір білдірген. Оның Қытай инвестициясы туралы пікірі де елдің премьер-министрімен ортақ емес.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес