Сауд Арабиясының королі Салман ибн Абдулазиз араб елдерінің лидерлерін және Шығақ ынтымақтастық кеңесінің мүшелерін 30 мамыр күні Меккеде бас қосуға шақырды.
Сауд Арабияның Сыртқы істер министрлігінің өкілі сол елдегі SPA ақпараттық агенттігіне берген мәліметінде, король Салман кезекті жиналыс арқылы аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты күшейту үшін кеңес құруды мақсат етіп отырғанын айтады. Сондай-ақ, араб елдері лидерлерінің жедел жиналысқа шақырылуына Сауд Арабиясының мұнай тасушы кемелері мен мұнай стансаларының қауіпке ұшырауы себеп болғанын да растаған.
Сауд Арабиясы өткен аптада екі мұнай стансасына әуе шабуылы жасалды деп хабарлады. Сондай-ақ, апта соңында Сауд Арабиясына тиесілі сауда кемелері БАӘ маңында шабуылға ұшырағанын жеткізген.
30 мамыр мен 1 маусым аралығында Мекке қаласында өтетін 14 кезекті Ислам елдері саммитінде Иран мәселесі де басты тақырып болары сөзсіз. Себебі, Сауд Арабиясы Иранды Араб түбегінің қауіпсіздігіне қатер төндіруші ретінде бағалайды.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес