Тамил-Наду штатындағы мыңдаған дүкендер Coca-Cola мен Pepsi сусындарын сатудан  1 наурыздан бастап мүлдем  бас тартты деп хабарлайды bbc.com. 

Шетелдік газдалған сусындардан бас тарту - елдің сауда жөніндегі ассоцациясының бастамасымен, барынша отандық өнімдерді нарықта қолдау мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Белсенділердің айтуынша, шетелдік компаниялардың су қорын жаппай пайдалануы салдарынан егістік жерлер мен фермаларда су қорының жеткіліксіздігі байқалуда.

Фото:CA-News

Өткен айда осы мәселеге байланысты штатта шеру ұйымдастырылып, белсенді топ Pepsi мен Coca-Cola сусындарына байкот жариялауды бастаған болатын. Кейін осы аймақтағы барлық дүкендерде бұл сусын түрлеріне сұраныс  мүлдем түсіп кеткен.

Сауда ассоцациялары жергілікті тұрғындардың өздері бұл өнімді пайдаланудан бас тартып отыр деп мәлімдеуде.

1 наурыздан бастан Сауда ассоцациясына кіретін бірнеше ірілі-ұсақты дүкендер шетелдік сусындарды сатып алудан мүлде бас тартқа.н. Indian Express газетінде жарияланған мәліметке сәйкес, Тамил-Наду штатындағы дүкендер осы уақытқа дейін  Pepsi мен Coca-Cola өнімдерін тауысу үшін, барынша жеңілдіктер ұсынып, жаппай сатып жіберген болатын.

Бірақ бірнеше ай бұрын тапсырыс беретін ірі сауда орталықтарының бұл сусыннан бас тартатындығы әлі белгісіз. Ал аймақтағы кейбір дүкендер сұраныс қайта пайда болады деген сеніммен сатудан бас тартпайтындықтарын жеткізген.

Бұл наразылық шаралары Үндістанның Жоғарғы соты джалликат -  бұқалардың сайсына, жануарларды тым азаптайды деген желеумен тыйым салып тастағандықтан басталған. 

“The Qazaq Times”