Солтүстік Корея жақында ғана арасына 5 күн салып, екі бірдей зымыран сынағын жасады. Бұған халықаралық қауымдастық елеулі алаңдаушылық білдірді. Сонымен бірге, Солтүстік Кореяның кезекті әрекеті әлем елдерінің АҚШ-ХДР арасындағы ядролық қарудан бас тарту туралы келіссөздің нәтижесіне деген сенімін де азайтты. Алайда, АҚШ президентінің бұл туралы пікірі бүтіндей олай болмай шықты.
Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп, Солтүстік Кореяның соңғы екі зымыран сынағы туралы өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, Пиоңяңның (Пхеньян) соңғы екі реткі зымыран сынағы АҚШ-қа деген сенім мен уәденің бұзылуы саналмайды. Ол мұндай мәлімдемесін өткен жұмада Politico жаңалықтар сайтына берген сұхбатында ортаға салған.
Трамп сөзінде: "Бұл қысқа қашықтыққа арналған зымырандар. Бұл бұны бүтіндей сенімнен кету деп есептемеймін. Білесіз бе, Солтүстік Корея бір кездері уәдесін бұзғаны рас. Бірақ, бұл жолы емес", – деген. Солтүстік Кореяның кезекті зымыран сынағы АҚШ екі арадағы келіссөз сенімділігіне кері әсер тигізгеніне қарамастан, Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ун мен әлі де тығыз қарым-қатынаста екенін айтқан.
Екі ел басшысы Сингапурда және Вьетнамда екі рет келіссөз өткізген. Соңғы кездесу уақытынан бұрын аяқталып, тараптар ядролық қарудан бас тарту туралы нақты келісімге қол жеткізе алмаған. Солтүстік Корея Құрама Штаттардан экономикалық санкцияны алып тастауды талап еткен. Ал, Уашингтон болса, Солтүстік Корея ядролық қарудан толық бас тартпай тұрып, санкциялар алынбайтынын, экономикалық қолдау да болмайтынын айтқан.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес