Венесуэла президенті жыл соңына дейін үкіметіне қарасты әскер санын 1 миллионға жеткізетінін мәлімдеді. Ол бұндай мәлімдемені өткен аптаның соңында орталық қала Каракаста өткен шеру кезінде жасады.
Венесуэла президенті Николас Мадуро бұл жоспарды орындау үшін үкіметті қолдайтын халықтық жасақтың көлемін кеңіте түспек. Ол сөзінде бұл халықтық жасақ үкіметті жақтап, мемлекетті қорғайды және елді азық-түлікпен қамтамасыз етуге де күш салады.
Халықтық жасақ бұрынғы президент Уго Чавес кезінде әскери саптан шегінген бұрынғы әскери қызметкерлерден жасақталған. Он мыңдаған мүшесі бар бұл топ үкіметті жақтаушы күш саналады. Бұған дейін де халықтық жасақтың мүшелері Николас Мадуро үшін соғысатынын жеткізген болатын. Бұл елде азаматтық соғыс болған жағдайда оның зардабы мен көлемінің әлде қайда зор болатынын білдіреді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы