Жапонияда F-35A жаңа әскери жойғыш ұшағы апатқа ұшырап, Тынық мұхитына құлады, – деп хабарлайды NHK.
Жапонияның әуе қорғаныс күштерінің өкілдерінің мәлімдеуінше, F-35A үлгісінің апатқа ұшырау дерегі алғаш рет тіркеліп отыр және ұшақтар Жапонияның «Mitsubishi Heavy Industries» зауытында жиналады. Апатты-құтқару операциясы екі күнге жалғасқан. Енді Жапония билігі осы модельді ұшақтардың қолданысын тоқтатпақ.
NHK мәліметінше, F-35А американдық өндірістің ең заманауи және әлемдегі әскери авиациядағы ауқымды әскери ұшақтардың бірі. Бір ұшақтың құны кемінде 90 млн доллар. Ұшақ бағдарламасы 30-40 жылға есептелген және жойғыш өндірушілер халықаралық нарықта 3000-нан астам ұшақты сатуды жоспарлап отыр.
Мамырдың соңында Израиль әлемде алғаш рет F-35A ұшағын күрес алаңында яғни Сүриядағы әуе операциясында қолданған болатын. Өткен жылы қыркүйекте осы модельді ұшақ АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатында апатқа ұшыраған.
Қазіргі уақытта Мисава әуе базасында 13 ұшақ бар. Апатқа ұшыраған әсери жойғыш ұшақтың негізгі құрастырушысы Американың «Локхид Мартин» әскери-өндірістік компаниясы. Алғашқы F-35А 2006 жылы шығарылды.
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?