Қытай басшысының Еуропадағы сапарынан кейін, Еуропа елдеріндегі Қытай елшіліктері «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы туралы талқы мәжілістерді ұйымдастыра бастады.
Бұдан бір апта бұрын Қытай басшысы Ши Жинпиң Италия, Монако және Франция қатарлы елдерде сапарлай барып, Қытайдың Еуропадағы саяси-экономикалық ықпалының арттыруға тырысқан еді. Қытай басшысының сапары туралы батыстық ақпарат құралдары түрлі сараптаулар жасады. Алайда, Франциядағы жүздесуден кейін Қытай басшысының мақсаты толық іске аспады деген пікірлер көп болды.
Дегенмен осы аптада Еуропадағы Қытай елшіліктері «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы бойынша талқы жиындар өткізуде. Әсіресе, Қытайдың Шығыс және Орталық Еуропа елдеріндегі елшіліктері тарабынан мұндай жұмыстар қызу жүрілуде. 3 сәуір күні Словакияда Қытай елшілігінің ұйымдастыруымен аталған мазмұндағы жиналыстар өтті. Сонымен қатар, алдағы уақытта көршілес бірқатар еуропалық елдерде жалғастыру көзделген.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы