Алжир президенті Абделазиз Бутефлика лауазымынан бас тартып, биліктен кетті.
Бутефлика өз шешімін конституциялық кеңесте жария еткен. Бірнеше апта бойы наразылық шерулерін өткізген тұрғындар көшеге шығып, өз қуаныштарын білдірірп жатыр. Себебі, жергілікті халық Алжирдегі саяси жүйені өзгерту керек деп есептейді. Ал елдегі билік уақытша Парламенттің жоғарғы палатасының спикері Абделкадер Бенсалахқа өтуі мүмкін. Дегенмен, Бутефлика бұған дейін Министрлер кабинетін толықтай ауыстырып, Нуреддин Бедуиді Премьер-министр етіп тағайындаған.
Ақпанда 82 жастағы науқас президент кезекті сайлауға қатысатынын мәлімдегеннен кейін, Алжирде Бутефликаға қарсы шерулер басталған. Бұл халықтың наразылығын туғызып, наурыздың бас кезінде Бутефлика саяси додаға түспейтінін жариялаған еді.
Осыған дейін төрт мәрте президент болған Абделазиз Бутефлика 2013 жылы инсульт алғандықтан жұрт көзіне көп түсе бермейді. Ол наразылық шерулерін ұйымдастырған белсенділерге қарата мәлімдеме жасап, халықтық шерулерді үшінші күштер пайдаланып кетуінен, нәтижесінде елде аумалы-төкпелі тұрақсыздық орнауынан сақтануды ескерткен.
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?