Financial Times Украинадағы президенттік сайлау туралы шолу жасап, халық үшін кинодағы әділ мұғалім ретінде танылған 41 жасар актер Владимир Зеленский өзінің ең маңызды рөлін сайлауда сомдайды дейді.
Дауыс берудің бірінші турында Зеленскийдің алға шыққанына қарамастан, екінші турда өзге де бәсекелестер арасындағы жарыс қыза түспек. Дүйсенбіде қазіргі президент Петр Порошенко: «Зеленскийге Мәскеу қолдау көрсетеді. Сондай-ақ оны олигарх Игорь Коломойский ашық қолдайды», – деп мәлімдеген.
Кейбір сарапшылардың пікірінше, Порошенко екінші турда жеңіске жетеді. Себебі, ол азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолында айтарлықтай жақсы нәтижеге қол жеткізген. Украинаны Ресейден алшақтатып, батысқа бет бұру жолында бірнеше заңдар қабылдады. Олардың қатарында ЕО мен НАТО-ға мүше болу, Ресеймен арадағы «достық» келісімін бұзу және Германиямен экономикалық байланыс орнату бар.
Батыс елдері үшін Порошенко Украина патриоты және халықты Ресей агрессиясынан қорғаушы ретінде белгілі. Осындай артықшылықтарды ескерген Порошенконың командасы актер Зеленскийдің саясатта тәжірибесі болмағандықтан, президент болуға дайын емес деп есептейді.
«Greenberg Quinlan Rosner» сауалнама жүргізу орталығы екінші турға Зеленский мен Порошенко өткен жағдайда, әрқайсысы 40% -дан дауыс жинайды деген болжам жасаған. Мәліметтер бойынша, сайлаушылардың жартысы президенттік креслода жаңа адамның отырғанын, ал қалған жартысы тәжірибесі бар саясаткердің президент болғанын құптайды.
Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар мен адам құқықары бюросы Украинадағы президент сайлауының әділ және еркін өткенін айтты. Украина орталық сайлау комиссиясы 31 наурызда өткен президент сайлауында берілген дауыстардың 97%-дан астамын қарап шығып, қорытындысын жариялаған болатын. Нәтижесінде, Шоумен Владимир Зеленскийге сайлауға қатысқандардың 30,22% , қазіргі президент Петр Порошенкоға 15,93%, оппозициялық "Батькивщины" партиясының лидері Юлия Тимошенкоға 13,40% дауыс берген.
Айта кетерлігі, сайлаушылардың арасында Ресей азаматтары жоқ. Жоғарғы рада бұған дейін Ресейді «агрессор мемлекет» ретінде танып, сайлауды бақылау мүмкіндігінен айырған.
















Қонаев сотындағы текетірес: 187 томдық жұмбақ, «заңсыз қамау» дау, судьяға екінші мәрте отвод
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды