Сергей Лавров Ресей әскерінің Венесуэлаға не үшін барғандығын айтты.
Наурыз айының 31-і күні Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында Сергей Лавровтың Венесуэладағы Ресей әскеріне қатысты мәлімдемесі жарияланды.
«Біз әскеріміздің Венесуэлада заңды әрі толықтай легитимді негізде жүргендігін және екіжақтық келісім бойынша олар Ресейден тасымалданған техникалардың жұмысын реттеп жүргендігін түсіндіргенбіз. Әскери техникаларды Венесуэла пароаменті ратификациялаған үкіметаралық келісім негізінде тасымалдағанбыз. Бұның барлығы Венесуэла Конституциясы бойынша жүзеге асырылған» - делінген мәлімдемеде.
Естеріңізге салайық, наурыз айының 24-і күні БАҚ беттерінде Венесуэла астанасы Каракасқа Ресейдің екі бірдей әскери ұшағы келіп қонғандығы жөнінде ақпарат тараған. Кейіннен Венесуелаға 30 тонна жүк пен 100-ге жуық Ресей сарбазының жеткізілгендігі белгілі болған.