Аргентинаның 88 жастағы экс-президенті Карлос Менем қамауға алынды.
Nacion порталының хабарлауынша, Аргентина соты Карлос Менемді жер телімдерін төмендетілген бағаға сату арқылы ақша жымқырғаны үшін үш жыл тоғыз айға бас бостандығынан айырған. Онымен бірге 3,5 жылға экс-экономика министрі Доминго Кавальо сотталды. Енді экс-президенттің мемлекеттік қызметпен айналысуына мәңгілік тыйым салынады.
1989-1999 жылдар аралығында Аргентина президенті лауазымын атқарған ол 2013 жылы Хорватия мен Эквадорға қару-жарақ контрабандасын жеткізуге көмектескені үшін жеті жылға сотталған. Бірақ, бұл үкім 2018 жылы күшін жойған. Мәліметтер бойынша, контрабандадан бөлек, 1991 жылы елдегі жетекші ауылшаруашылығы қауымдастығына төмен бағамен жер сатқан.
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?