АҚШ-тың әскери барлау қызметін тоқтатқан офицері, кәсіпкер және инвестор Филип Билден Әскери-Теңіз күштері министрі қызметінен бас тартты. Бұл туралы Пентагон басшысы Джеймс Мэттистің мәлімдемесіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
Кәсіпкердің аталмыш қызметке кандидатурасын Доналд Трамп ұсынған. Мемлекет басшысы Билден туралы «Ол – өте табысты кәсіпкер. Оның стратегиялық өзіндік көзқарасы бар және тағайындалған бөлімінде тәртіпті жақсартуға қабілеті жетеді» деген.
Ақ үйдің мәлімдеуінше, Билденнің Азия аймақтарындағы проблемалар мен киберқауіпсіздіктен хабары бар және оларды реттеуге қауқары да жетеді. Осыйлайша, Трамп ұсынған Пентагондағы министрлік қызметтен бас тартқан екінші кандидат.
Еске сала кетейік, ақпан айының басында миллиардер-инвестор Винсент Виола АҚШ армиясының министрі қызметінен бас тартқан болатын. Оған себеп тағы да жеке және қоғамдық мүдделердің қайшылықтары болып табылады.
«The Qazaq Times»


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел