Еврей мемлекетінің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Израильдің кейбір араб елдерімен құпия байланыс орнатып отырғанын айтты. Израиль мен Араб елдері арасындағы соғыс кезінде жауласқан елдердің бірқатары бүгінде Израильмен жасырын түрде тығыз қарым-қатынас орнатып келе жатқанын жеткізген.
Нетаньяху бұндай мәлімдемені 1967 жылғы соғыс кезіндегі Израиль премьері Леви Эшколды еске алу жиынында айтқан. Ол сөзінде: «Бір мезет «дұшпан» ретінде бағаланған бірқатар араб елдерімен бүгінде жақын қарым-қатынас жасап отырмыз. Өзге көршілес елдермен де байланысты жақсартуға тырысамыз, бірақ барлық араб елдерімен емес», – деген.
Еврей елінің басшысы алты араб елімен жақын қарым-қатынас құпия түрде жүзеге асып келе жатқанын, алайда олардың атын атап бере алмайтынын жеткізген.
Израиль мен Палестина мәселесі Орта-Таяу Шығыстың ең күрделі әрі терең қайшылығы. Бұл мәдениет пен діннің және күрделі ұлттық-әлеуметтік, экономикалық қайшылықтардың түйіншегі. Дегенмен, соңғы жылдары бірқатар араб елдерінің Палестинаның азаттығы жөніндегі ұстанымдарынан тайқып кеткені айтпаса да белгілі.
Құрама Штат тарабы Трамп әкімшілігі билікке келгеннен кейін Орта Шығыста бірқатар жаңа стратегияларды жүзеге асыруға тырысуда. Соның ішінде өзіне одақтас араб елдері мен Израиль арасында ашық диалогтарды да ұйымдастырып келеді. Бұған мысал ретінде 13 ақпанда Варшавада өткен «Орта Шығыстың тұрақтылығы мен қауіпсіздік болашағына қолдау көрсету» атты конференциясын айтуға болады. АҚШ бас болған шарада Сауд Арабиясы, Катар, Бахрейн, Оман, Йемен және Біріккен Араб Әмірлігінің басшылары мен Израиль басшылары ортақ талқы өткізген болатын.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы