Иран президенті Хасан Рухани мен Ирак президенті Бархам Салехпен Бағдатта ресми кездесу өткізді. Кездесуде Иран-Ирак арасындағы қарым-қатынас пен терроризмге ортақ қарсы тұру мәселесі талқыланған.
Иран президенті кездесуде Ирактың терроризмге қарсы күрес және өңірлік қауіпсіздік мәселесінде Иранды қолдағанын жоғары бағалаған. «Ирактың тұрақтылығы мен қауіпсіздігі біз үшін аса маңызды. Себебі, Ирактың қауіпсіз, тұрақты болуы өңірдің қауіпсіздігіне кепіл бола алады. Екі ел тарихи көрші елдер болғандықтан Теһран Иракпен барлық салада қарым-қатынасты жақсартуға ниетті», – деді Хасан Рухани.
Бархам Салех те Иранның ДАИШ-ке қарсы күресте Иракты табанды қолдағанына алғыс білдірді. Иран СІМ басшысы Жевад Зариф екі ел арасында визасыз қатынас орнатуды ұсыныс етті.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы