Ұлттық Банкті осы уақытқа дейін кімдер басқарды?
Ақпан айының 25-і күні парламент Ұлттық Банк төрағалығына Ерболат Досаевты тағайындауға байланысты президент Назарбаевтың ұсынысын бірауыздан мақұлдады. Ұлттық Банк тізгінін үш жылдан аса уақыт ұстаған Данияр Ақышев «өзіне жүктелген міндеттерді атқара алмаған» Сағынтаев үкіметімен бірге қызметінен босатылды. Осыған байланысты бүгін біз соңғы 27 жылда Ұлттық Банкті кімдердің басқарғанына қысқаша тоқталуды жөн көрдік.


Кестеде көрсетілгендей Қазақстанның бас банкирі қызметінде ең көп отырғандардың арасында Ануар Сайденов пен Григорий Марченко көш бастап тұр. Марченко екі мерзімін қосқанда Ұлттық Банк төрағасы болып 9 жыл отырса, Сайденов бұл қызметте 5 жыл болған.
Ұлттық Банк тізгінін ұстағандар арасында ең жасы Ораз Жандосов. Ол небәрі 34 жасында бас банкир қызметіне тағайындалған. Ал ең егде жастағы төраға Ұлттық Банкті 1994-1996 жылдары басқарған Дәулет Сембаев. Ол бас банкир креслосына 58 жасында отырған.

Фото: kz.expert


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?