Еуродақ ұйымының ішкі саяси қызметкері Майя Косянчич Венесуэладағы жағдайды бейбіт түрде шешіп, әскери араласудан аулақ болуға шақырды.

«Венесуэладағы дағдарыс бейбіт және демократиялық жолмен шешілуі тиіс. Сонымен қатар зорлық жағдайларға да жол бермеуіміз керек. Ал, мұндай оқиғаға әскерилердің араласуға мүлде қақысы жоқ», - деген Косянчич Латын Америкасындағы қиын жағдай туралы өз пікірін білдірді.

Венесуэла Ұлттық ассамблея басшысы Хуан Гуаидо біраз уақыт бұрын өзін уақытша президент ретінде жариялап, ант қабылдаған болатын. Үкіметке қарсы митинг кезінде болған оқиға Каракас тұрғындарының алаңға шығуына әкеліп соқты. Осыдан кейін, Венесуэланың қайта сайланған президенті Николас Мадуро билікті өз қолында сақтап қалу үшін барлық шараларды қолданып келеді. Ең алғаш Гуаидоны президент ретінде мойындаған АҚШ пен арадағы барлық қарым-қатынасты үзіп, Венесуэладағы АҚШ өкілдерін 72 сағатта шекарадан шығуын талап еткен болатын. Сондай-ақ, оппозиция жақтастарына жіберілген гуманитарлық көмектен бас тартып, халықтың ешқандай кемшілік көріп отырмағандығын мәлімдеді.

Қазіргі таңда Хуан Гуаидоны президент ретінде АҚШ, Канада, Латын Америкасының бірқатар мемлекеттері, Израиль, Австралия сынды мемлекеттер қолдап отыр. Ал, Николас Мадуроны заңды президент ретінде таныған Ресей, Иран, Куба, Түркия, Эквадор, Беларуссия, Қытай сынды мемлекеттер оның ары қарай билік басында отыруын қалап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 20 мамырында Николас Мадуро қайтадан алты жылдық президент ретінде сайланған болатын. 2019 жылдың 10 қаңтарынан бастап билік басына келуі тиіс болған Мадуроның жолына бұл жолы оппозиция өкілдері өз қарсылықтарын білдірді.

Соңғы уақытта бұл жағдай тым шиелене түсті. Енді қайта сайлау өткізуді ұсынған Мадуро, Гуаидоны бұл жолы да жеңіп шығатынына сенімді іспетті. Алайда, халықтың көптеген бөлігі бүгінде Гуаидоның ұстанған саясатын қолдайтындықтарын көрсетуде.

"The Qazaq Times"