Палестина басшысы Махмуд Аббас Израильге қарата ескерту жасады. Израиль тарабының Палестина халқына және қасиетті құндылықтарына қарсы заң бұзушылық әрекеттерге барғанын, өңірде дінаралық қақтығысты өршіте түскенін айыптады.
Махмуд Аббас сөзінде: «Палестина халқына, мұсылмандар мен христиандардың қасиетті құндылықтарына жасалған қиянат, палестиналық шейіттер мен тұтқындағы азаматтарына, олардың отбасына бөлінген қаражатты қысқарту арқылы Израиль билігі өз нәсілшілдігін танытты. Сонымен бірге ортадағы барлық келісімді бұзды», – деді.
Палестина басшысы Израиль әскерлерінің әл-Ақса мешітіне палестиналықтарды кіргізбеуі өңірдегі діни қақтығысты қасақана өршіту екенін айтады.
Израиль әскерлері осы аптаның басында әл-Ақса мешітінің шығыс қақпасын жауып, темір тормен қоршаған. Бұл палестиналық мұсылмандардың наразылық шеруіне апарып соқты. Наразы топ пен қарулы күштер арасында қақтығыс орын алды. Израиль тарабы белсенділерді тергеуге алған.
“The Qazaq Times”
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы