Варшавадағы Таяу Шығыс туралы Халықаралық конференция барысында Йемен Сыртқы істер министрі Халид әл-Йеманиді, Израиль үкімет-министрі Биньямин Нетаньяхудың жанына отырғаны үшін отставқаға кетуін талап етуде.
Қазіргі таңда Йеменнің мыңдаған тұрғындары әлеуметтік желі арқылы Сыртқы істер министрінің мұндай әрекетіне өздерінің қарсылықтарын білдіріп жұмыстан босатылуын сұрап отыр.
Йемендіктердің ойынша, Израильмен ешқандай дипломатиялық қарым-қатынас жасамағандықтан, Сыртқы істер министрі халық алдында кешірім сұрап, өз еркімен отставкаға кетуі тиіс.
Қонференция барысындағы әл-Йеманидің әрекеті йемендік жұртшылықтың тіпті ашуына тиген. Израиль үкімет-министрінің микрофоны істен шыққанына байланысты, Йемен Сыртқы істер министрі өз микрофонын ұсынған. Осы кезде Нетаньяху «екі ел серіктестігі жолындағы алғашқы қадам» деп, әзілдеп тіл қатқан.
Ал, АҚШ-тың Халықаралық келіссөздер бойынша арнайы басшысы Жейсон Гринблатт өзінің Twitter әлеуметтік желісіне «Жүректі қуантатын, бір сәт» деп жазды.
Сондай-ақ, осы орайда Израиль үкімет-министрі де Twitter әлеуметтік желісіне «Біз тарихты жазыр отырмыз» деп, пікір білдірген.
Ал, мұндай толассыз наразылыққа өз ойын жеткізген әл-Йемани: «Йемен делегациясы Варшавада әлемдік көшбасшылармен кездесті. БҰҰ-ның аясында мұндай жағдайлар әркез болып тұрады. Ал, Йеменнің жағдайына келер болсақ, бізді ешкімнің тоқтатуға қақысы жоқ» деп жалпылама пікір берді.
Сол секілді, әлеуметтік желіде жаппай наразылыққа көшкен Йемендік тұрғындар 2009 жылы Давоста өткен Халықаралық экономикалық форум аясында Израиль президенті Шимон Перестің сөзінен кейін, Режеп Тайып Ердоғанның залдан шығып кеткендігін мысалға келтіріп, үлгі алуын жарыса жазуда. Бұдан бөлек, басқа орынды йемденуге де қақысы бар болғандығын айтып отыр.