Венесуэла президенті Николас Мадуро жасаған мәлімдемеде сыртқы істер министрі Ариэза Нью-Йоркте АҚШ-тың Венесуэла ісі бойынша арнайы өкілі Абрамспен құпия кездескенін айтты.
Мадуро Associated Press-ке берген жауабында, Ариэза Абрамсты «Жеке, қоғамдық немесе жасырын қарым-қатынастың» қай түрімен болса да Венесуэлаға сапарлай баруға шақырған. Ол сондай-ақ, кез-келген уақытта, кез-келген жағдайда Абрамспен кездесуге дайын екенін де жеткізген.
Мадуродан тыс Венесуэланың тағы бір ресми лауазымдысы да сыртқы істер министрінің Абрамспен кездескенін растаған. Бірақ, қазірге дейін америкалық ресми тұлғалардың бірде бірі бұл кездесу туралы растаған жоқ. Ал, өткен аптада АҚШ-тың Венесуэла ісі туралы арнайы өкілі Абрамс: «Мадуромен сөйлесетін уақыт әлде қашан өтіп кетті», – деген болатын.
АҚШ болса – Венесуэланың оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдоны мемлекет басшысы ретінде мойындаған 50-ге жуық мемлекеттің алғашқысы. Құрма Штат тарабы да Венесуэла оппозициясына ұқсас былтырғы сайлаудың нәтижесі бұрмаланған деп санайды.
Венесуэла СІМ басшысы Ариэза бейсенбі күні мәлімдеме жасап, ол және көптеген елдердің СІМ басшылары Құрама Штат пен өзге бірқатар елдерді егемен елдің ішкі ісіне араласып, БҰҰ жарғысын бұзды деп санайтынын айтқан.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау