Жапония қорғаныс тараулары Оңтүстік Кореядағы халықаралық теңіз әскери оқу-жаттығуына қатысатын ірі әскери кемелерінің сапарын тоқтатқанын мәлімдеді. Соңғы жылдары Жапония мен Оңтүстік Корея қарым-қатынасы барған сайын салқындай түсуде.
Жапония Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде: «Биыл сәуір айында Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткізілетін халықаралық теңіз әскери жаттығуына тікұшақ тасымалдаушы «Изумо» кемесін жіберу жоспары тоқтатылды», – делінген.
Аталған жаттығуға Оңтүстік Шығыс Азия елдері қатысады деп жоспарланған және жаттығу Оңтүстік Корея мен Сингапур арасындағы теңіз сауда тасымал жолында өткізілмек.
Жапония мен Оңтүстік Корея да АҚШ-тың маңызды одақтасы әрі тығыз экономикалық қатынастағы елдер. Алайда, екі ел арасында кейбір территориялық даулар мен тарихи қайшылықтар бар.
«Рейтер» агенттігінің хабарына қарағанда, былтыр қазан айында да Жапония Оңтүстік Кореяда өткізілген теңіз қорғаныс күштерінің халықаралық шарасына әскери кемелерін жіберуді тоқтатқан. Себебі, Оңтүстік Корея тарабы Токиодан шараға қатысатын жапон кемелеріндегі «күн жалауын» алып тастауды талап еткен. Үйткені, көптеген оңтүстік кореялықтар Жапон теңіз флотының жалауы жапондық соғыс агрессиясының символы деп санайды.
Желтоқсан айында да екі ел арасында әскери әуе күштерінің қимылдарына байланысты дау туылды. Жақын жатқан Шығыс Азия барыстары өңірде жиі шармаяқтасып қалып жатады. Бұл екі ел арасындағы қарым-қатынасқа салқынын тигізуде.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы