Түркия, Ресей және Иран басшылары Сочиде Сүрия мәселесін талқылайды.
Reuters агенттігінің мәліметінше, 14 ақпанға жоспарланған басқосуда Владимир Путин, Режеп Тайып Ердоған және Хасан Рухани Сүриядан америкалық әскерлердің шығарылу процесін және аймақтағы ахуал төңірегінде әңгіме өрбітеді. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, аталған мемлекеттердің көшбасшылары Сүрияның бүгіні мен болашағын талқылап, бірге күш біріктірмек. Осы уақытқа дейін Теһран мен Мәскеу Сүрия президенті Башар Асад режимін қолдап келеді. Ал АҚШ пен Түркия аталған аумақтағы бейбіт тұрғындарға қолдау көрсететінін айтқан.
Айта кетер болсақ, былтыр Сүрияға қатысты төртжақты кездесу өткізу туралы бастаманы алғашқылардың бірі болып Режеп Тайып Ердоған ұсынған болатын. Осы мақсатта қыркүйектің ортасында төрт тарап бас қосып, халықаралық мәселелерді талқылаған.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды