Эстония Кеңестер одағы келтірген зардап үшін Ресейден өтемақы талап етпек.
Эстония Әділет министрі Урмас Рейнсалу Ресейден өтемақы алу мәселесін қайта көтерді.
«Бүгін Тарту келісімі жөніде айтып жүргендер ұмытпаулары керек, құқықтық сұрақтар таңдау бойынша жүргізілмейді. Кеңес одағы дәл осы Тарту келісімін бұзу арқылы Эстонияны басып алды. Ресей Кеңес одағының заңды мұрагері ретінде осыны мойындап, халықаралық құқықтарға сәйкес, келтірілген шығындарды өтеуі тиіс» - деп мәлімдеді Рейнсалу.
Ақпан айының 2-і күні КСРО мен Эстония арасында қабылданған Тарту келісімінің қабылданғанына 99 жыл толды. 1920 жылы Эстонияның Тарту қаласында қос тарап халықаралық дәрежеде Эстонияны тәуелсіз ел деп тану жөніндегі келісімге келген. Ресми Таллин мен Мәскеу аталмыш келісімге Эстонияның 1918 жылдың қарашасы мен 1919 жылдың желтоқсан айлары аралығында Кеңес одағына қарсы жүргізген ұлт-азаттық соғысынан кейін келген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?