Франциядағы «Сары жилет» акциясы осымен 12-ші апта жалғасып келеді. Қазіргі таңда 58 мыңнан астам азамат өздерінің наразылықтарын білдіріп көшелер мен алаңдарда жүр.
Сонымен қатар, Францияның жергілікті БАҚ өкілдерінің ақпаратына сүйенсек, тек, Париж қаласының өзінде 13000-нан астам тұрғын өздерінің қарсылықтарын білдіріп Феликс Эбуэден бастап, Республика алаңына дейін созылып жатқан көрінеді. Бірнеше азамат тәртіп сақшыларының қолына түссе, көптеген тұрғындарға тәртіп сақшыларының тарапынан ащы газдар атылуда.
2018 жылдың 17-ші қаңтарында жанармай салығының тым қымбаттауына қарсы алаңға жиналған француздар билік өкілдерімен бір келісімге келген болатын. Алайда, Франция билігі наразылық шарасына шыққан азаматтарды қатаң жазалауды талап етіп, олардың дұрыс әрекетке бармай отырғандығын хабарлаған. Осыдан кейін, бірден бас көтерген халық, «Сары жилет» шеруін әлі жалғастырып келеді. Сарапшылардың сөзінше, қазіргі таңда барлық Франция аймағында 80 000-нан астам полицейлер мен жандармдан «Сары жилет» акциясына жұмылдырылған.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр