Ауғанстанда үкімет күштерінің арасына жасырынған террорлық топ мүшелерінің қарулы шабуылдары толастар емес. Бір күн бұрын Кандахар провинциясындағы Панжавайм ауданында екі полиция қызметкері әріптестеріне оқ жаудырған.
Панжавайм ауданының полиция тарауы жасаған мәліметте, екі полиция қызметкері жұмыс кезінде 4 әріптесін атып өлтіріп қашып кеткен. Қорғаныс күштері оқиғаны террорлық ұйымдардың тапсырысымен жасалғанын айтады.
Бұндай шабуылдар соңғы жарты жылда жиі қайталануда. Үкіметке қарасты қарулы күштердің құрамына кірген Талибан жақтастары әр жерде қарулы шабуылдар жасауда.
Сарапшылардың айтуынша, тәліп күштері бұл арқылы елдегі үкімет пен қарулы күшке деген сенімді әлсіретуді көздейді. Сол арқылы елдегі бақылау аймағын, ықпал көлемін кеңейтуді мақсат етеді.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы