Венесуэла әскерилері көтеріліске шықты.
Каракас қаласындағы гвардия бекетіне бір топ қаруланған жасақ шабуыл жасап, билік басшысының ауысыуын талап еткен. Жақында Twitter-де белгісіз бір сержант үндеу жариялап, ел президенті Николас Мадуроны қызметінен кетіруге шақырған болатын. Үндеуден соң бірнеше оппозиционерлер билікке қарсы шеру ұйымдастырды. Жергілікті билік тарапы бұл оқиғаға үкімет әскерінің еш қатысы жоқ екендігін айтып отыр.
Осыған дейін АҚШ «диктатор басқарушы» атанған Николас Мадуроға қарсы санкциялар жариялап, мемлекет басшысы авторитарлық диктатураға ұмтылудан бас тартпайынша, Американың экономикалық және дипломатиялық күштерін түгел Венесуэла халқының демократия орнату жолындағы күресіне көмекке арнайтынын хабарлаған болатын. Ал Венесуэла халқы президенттің биліктен кетуін талап етіп, бірнеше мәрте ереуілдер өткізген.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы