Еуроодақ Қырғызстанның Қытай мен Ресейге тәуелділігіне алаңдаушылық білдірді.
Еуропарламент Қырғызстанға қатысты құжатты мақұлдады. Құжатта ЕП депутаттары Қырғызстан экономикасынның Қытай мен Ресейге тәуелділігіне алаңдаушылық білдіріп, Еуроодақ билігін аталмыш мәселеге араласуға шақырған.
«Еуропарламент Қырғызстанның Қытай және Ресеймен қарым-қатынасын ескеру керек деп есептейді. Ресми Бішкектің аталмыш екі елге деген саяси тәуелділігін азайту үшін ел экономикасын әртараптандыруға көмек қолын созу қажет» -делінген ЕП депуттаттары мақұлдаған құжатта.
Бұдан бөлек құжатта Қырғызстан аумағында Ресей саяси пропагандасын насихаттайтын бұқаралық ақпарат құралдарына қарсы күресті күшейту керектігі жөнінде айтылған.
Үш жыл бұрын Қырғызстан мен Еуроодақ екіжақтық қарым-қатынас ауқымын одан ары кеңейтуге байланысты келісімге келген. Қазіргі уақытта қос тараптың сарапшылар тобы жаңа құжаттарды дайындауда. Аталмыш құжаттарға 2019 жылы қол қойылады деп күтілуде.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап