АҚШ президенті Дональд Трамп Сүриядағы Америка әскерін шығару шешімінен бас тартпай отыр. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады.
Американың республикашыл-сенаторы Линдси Грэм Мюнбичедегі ДАЙШ террорлық ұйымының жасаған жарылысынан кейін, Трамп Сүриядан америка сарбаздарын шығару шешімін өзгертуі тиіс деп мәлімдеген еді. Алайда, Трамп бұл сұрақты жауапсыз қалдырып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп осыдан біраз уақыт бұрын «Біз америка әскерінің Сүрия елінде жүрген жалғыз қиындығын толықтай шештік. ДАЙШ террорлық ұйымы жеңілді. Енді америкалық сарбаздар Сүриядан шығарылатын болады» деп, үндеу жариялаған болатын. Бірақ, жақында ғана ДАЙШ террорлық ұймы өздерінің әлі де болса бар екендіктерін білдіру мақсатында Мюнбичеде жарылыс жасаған. Аталған қайғылы жағдайдан америкалық сарбаздар да көз жұмды. Қазіргі таңда, барлық республикашылар Трамп Сүриядағы жарылыстан кейін өз шешімін өзгерткенін күтіп отыр.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы