АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде, Құрама Штаттың Қытаймен сауда келісіміне қол жеткізетінін, нәтижесінде сауда теңсіздігі тоқтатылатынын болжап айтты.
«Менің ойымша, біз Қытаймен сауда келісіміне қол жеткізе аламыз. Қытай да келіссөз жүргізуді қалайды», – деді Трамп Ақ үйде журналистерге берген жауабында.
Аргентинадағы кездесуде екі ел басшысы келіскен 90 күндік келіссөз мерзімінің жартысы өтіп кетті. АҚШ президенті болса өз ұстанымында табандап тұр. Айталық, егер Қытай тарабы меншік құқығын қорғауға, технологияны өткеріп беруге мәжбүрлеуді тоқтатуға, сауда теңдігін ұстануға келісім бермесе 2 наурыздан бастап 200 млрд АҚШ доллары көлеміндегі қытайлық тауарларға кедендік салықты өсірмек.
Өткен аптада екі тарап орта деңгейдегі келіссөзді Бейжіңде өткізді. Мәліметтерге қарағанда қос тарап АҚШ өнімдері мен қызметтерін сатып алуды көбейту, америкалық кәсіпорындарының Қытай нарығына шығуын кеңейту мәселелерінде табысты келісімдер жасасқан. Алайда, Қытай үкіметі субсидиялары сияқты күрделі құрылымдық мәселелерге қатысты келіссөзде серпіліс жоқ.
Тараптар енді жоғары деңгейдегі келіссөзді осы айдың ішінде Уашингтонда өткізуді жоспарлап отыр. Бұл келіссөз тараптардың сауда қақтығысын реттеуде шешуші рөл атқарады деп болжануда. Ал, президент Трамп та Қытаймен келіссөздің нәтижелі болатынын болжап отыр.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы