Иран армиясы дүйсенбі күні Иранның Алборз провинциясында құлаған жүк ұшағы әскери ұшақ екендігін және борттағы 16 адамның 15-інің қаза тапқанын мәлімдеді, деп жазады Reuters ақпарат агенттігі.
«Қырғызстаннан Иранға ет тасымалдайтын Boeing 707 жүк ұшағы бүгін Фаз (Fath) әуежайына апатты жағдайда қонды және бортинженері ауруханаға жеткізілді», - деп жазылған мәлімдемеде.
Әзірге ұшақтың кімге тиесілі екендігі белгісіз. Иранның азаматтық авиациясының өкілі мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында ұшақтың Қырғызстанға тиесілі екенін айтқан. Ал, Қырғызстанның Манас әуежайының өкілі аталған жүк ұшағы Иранның Payam Air компаниясына тиесілі екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін Иранның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары апатқа ұшыраған ұшақтың бортында 10 адам болғанын хабарлаған еді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы