Иран сыртқы істер министрі АҚШ мемлекеттік хатшысының Иран туралы пікіріне қарсы мәлімдеме жасады. Иран СІМ басшысы Мұхаммед Жевад Зариф Помпеоға қарсы мәлімдемесін «Твиттер» әлеуметтік желісі арқылы жасаған.
Зариф «Твиттер» парақшасына: «АҚШ қай елге киліксе сол елде былықпалық пен қайшылықтар пайда болып келеді. Бірақ, Иран АҚШ ойлағандай күйге түспейді», – деп жазған.
Иран СІМ басшысының бұл мәлімдемесі АҚШ мемлекеттік хатшысының Орта Шығыс сапарында жасаған мәлімдемесіне бағытталған. Помпео Иорданиядағы сапарында: «Иранға тек дипломатиялық қысым ғана емес, сыртқы саудасына да шектеу қоятын боламыз», – деп мәлімдеген.
Помпео аптаның бас шеніндегі Орта Шығыстағы бірнеше елге ресми сапар жасады. Мысыр, Ирак, Иордания қатарлы елдерде жоғары билік өкілдерімен кездесу өткізді. Сарапшылар Помпеоның кезекті сапары АҚШ-тың ортағы шығыстағы белсенділігін бұрынғыдан да арттыра түседі деп бағалауда.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау