Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Сүрияға байланысты Ақ үй Ұлттық Қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтонды айыптады.
«Болтонның Израильге барған сапары кезінде, Түркия Сүрияда күрдтермен күресіп жатыр деген мәлімдемесі жалған. Мұндай көзбояушылықпен ойынағандар, бейбіт қоғамның арасына іріткі салады. Біз бұл жағдайды жауапсыз қалдырмайсыз» деп, Түркия басшысы өз ойын жеткізді.
Сонымен қатар, Анкара Сүриядағы террористермен күресу үшін қажетті қадамдарға барып жатқандығын және барлық діни радикалды ұйымдарды құрту, Анкараның алдындағы міндеті екендігін айтты.
Бұдан бөлек, Ердоған Сүриядағы террорлық ұйымдармен күресті нықтап қолға алатындын және өзге де қарсы келген террорлық діни топтарды да толықтай құртуға дайын екендігін ескертті.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Дональд Трамп Сүриядағы ДАЙШ террорлық ұйымының Сүрия аумағынан жойылғандығын мәлімдеп, қалған террорлық ұйымдармен күресті Түркияға қалдырған болатын. Осыдан кейін, АҚШ әскерін Сүрия аумағынан шығаруды бұйырды.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр