Аргентина астанасы Буэнос-Айресте табиғи газ, электр энергиясы мен қоғамдық көлік құнының қымбаттауына байланысты халық наразылық шеруге шықты.
Сонымен бірге бас көтергендердің арасында Аргентина президенті Маурисио Макридің саясатына қарсы шыққандар да бар. Аз қамтылған азаматтардың салық құнын төмендетуге уәде берген президент, әлі күнге дейін уәдесін орындамай келген.
Қазіргі таңда шеруге шыққан Буэнос-Айрес тұрғындары қаланың бірнеше көшелерін жауып тастаған.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың желтоқсанында Аргентина билігі қоғамдық көлік бағасының 40 пайызға, табиғи газдың 35 пайызға және электр энергиясының 55 пайызға қымбаттайтындығын мәлімдеген болатын.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел