Террорлық ұйым деп танылған Фетхулла Гүленнің Пәкістандағы білім ордасы  Түркия қорына берілді.

(FETÖ) деген есіммен көпшілікке таныс мектепті Түркия мемлекетіне тапсыру туралы үкімді Пәкістанның Жоғарғы соты шығарды. Осылайшы, енді білім ордасы Pak-Türk қорының қарамағында болып, толықтай Түркия есебінен қамтамасыз етілетін болады.

2018 жылдың 28 желтоқсанында Пәкістанның Жоғарғы соты Фетхулла Гүлен жасағын террорлық ұйым қатарына енгізген болатын. Сонымен бірге, Пәкістан аумағындағы барлық мектептерді Түркия қорына беру туралы үкім шығарды.

Қазақстанда 1993 жылдан 1997 жылдар аралығында «Қазақ-Түрік білім беру қоры» деп танымал болған орын бірте-бірте кешенге ұласқан. 29 лицей мен бір орта білім беру колледжі жұмыс істеп келген мекемелер сол уақытта Гүленмен байланысы бар екендігін көптеген жандар біле бермеді. Қазіргі таңда бұл ұйымда Қазақстанның неше мың азаматы бар екені белгісіз. Алайда, әлемнің 140 елінен білім ордасын ашқан Фетхулла Гүленнің миллиондаған жасағынан қазақстаннан да мүше болғандар жеткілікті екендігі рас.

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, соңғы жағдайға байланысты  біздің құзырлы орындар қандай шешім қабылдайтындығы белісіз. Әйтсе де, террорлық ұйым деп танылған Гүлен мектептеріне біздің елімізде еркіндік беру, келер қауіпке есікті айқара ашып бергенмен бірдей екендігін алға тартуда.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы шілденің 15-інен 16-на қараған түні Фетхулла Гүлен жасақтарымен елдегі билікті әскери күшпен тартып алмақ болған. Алайда, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен әскери күш сарбаздары мұндай жағдайға тойтарыс беріп, билікті сақтап қала білді. Аталған оқиғаның салдарынан 251 адам қаза тапқан. Бұл оқиғадан кейін, Ердоған бірнеше мәрте АҚШ билігіне Фетхулла Гүленді Түркия билігіне тапсыруды талап еткен болатын. Бірақ, Түркияның ішкі жағдайына араласпаймыз деп басын даудан ала қашқан АҚШ үкіметі Түркия талабын әлі күнге дейін орындамай келеді.

 

"The Qazaq Times"