Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан, АҚШ президенті Дональд Трампты Францияның ішкі жағдайына араласпауға шақырды.

"Мен және Франция президенті АҚШ президенті Дональд Трампты ішкі жағдайға араласпауға шақырамыз. Себебі, біз Американың ішкі талқылаулары мен оқиғаларына араласпаймыз. Өз халқымыздың жағдайымен өзіміз айналысуға кедергі келтірмеңіз" деп Дриан ашық түрде мәлімдеді.

Бұдан бұрын Ақ үй өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасына "Францияның саяси дағдарыстан шығуына шешім әркез табылады. Егер Климаттық жағдайға байланысты Париж келісімінен шығып, адамдарға құжат ішіндегі шығынды өтеп берсе, бәрі қалпына келеді" деп мәлімдеген еді.

Естеріңізге сала кетейік, 17 қарашадан бастап барлық Франция аумағында жанармай салығының қымбаттауына байланысты жаппай шерулер өтіп келеді. Бүгінгі таңда аталған оқиғадан үш адам қаза тауып, 1043 азамат жараланған. Оның ішіндегі 222-і қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері.

"The Qazaq Times"