Геолог мамандардың болжауынша, Калифорния штатында болашақта үлкен жер сілкінісі мен цунами болады. Бұл туралы naked-science хабарлайды.
Калифорниядағы белгілі геологиялық ақаудың салдарынан бүкіл АҚШ зардап шегуі мүмкін екенін айтады зерттеушілер. Вентура қаласынан 100 км жерде орналасқан Ventura Fault аталатын жер қыртысының жарылған жері бар. Ол Санта-Барбара мен Голет елді мекендеріне қарайды. Дегенмен бұл жарықтың бір бөлігі Тынық мұхитқа жатады. Вентура Фаулт жері бұрыннан ғалымдарды қызықтырып келетін көрінеді. Дегенмен аталмыш жарықты сейсмикалық тұрғыдан «ең қауіпсіз» жер деп есептеп жүрген. Олай болмай шықты. Америкалықтар үшін бұл жердің аса қауіпті екенін жеткізіп отыр.

Фото: naked-science
Сарапшылар компьютерлік моделдеу жұмыстарын жүргізген. Осы аймақтың тектоникасы мен сейсмикалық белсенділігін тексерген. Нәтижесінде, Ventura Fault жерінің баспалдақты құрылымы бар екенін анықтаған және ол ғалымдар ойлағананн да жер бетіне жақын орналасқан.
Бұл дегеніңіз, Калифорнияда магнитудасы 8,0 болатын жер сілкінісі болады деген қауіп бар. Мұндай жер сілкіністері жылына бір рет болады және апаттың салдарынан үлкен зақым келеді. Оның үстіне жоғарыда атағанымыздай, Ventura Fault жерінің бір бөлігі Тынық мұхитқа қарайды. Сол себепті жер сілкінісі болатын болса, артынша бірден үлкен цунами басталып кетуі мүмкін деп болжайды.
«The Qazaq Times»















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес