Грузия парламентінің басшысы Ираклий Кобахидзе экс-президент Михаил Саакашвилидің үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалуы мүмкін екендігін айтты.
Оның ойынша, Президент сайлауы аяқталғаннан кейін, Саакашвили барлық әскерді, полиция мен шенеуніктерді бейбітшілікке шақырып, жаңа президенттің кім болатындығмен Орталық Сайлау Комиссиясының мәлімдемесінен бұрын жұртшылықты құлағдар еткен. Арада бірнеше сағат өткеннен кейін ғана ОСК Саломе Зурабишвилидің заңды түрде президент атанғандығын мәлімдеді. Сайлау тәртібін бұзып, өзінің жақтастары арқылы алғаш болып ақпаратқа ие болды деп айып таққан Кобахидзе, бұл әрекеті үшін жазалануы мүмкін екендігін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Михаил Саакашвили Грузия елінің үшінші президенті болып 2013 жылы Георгий Маргвелашвилиге орынын босатқан болатын. Бұдан кейін оның үстінен қылмыстық істер қозғалып Халықаралық іздеу жарияланған. Парламент депутаты Валерия Гелашвилиді ұрған үшін 6 жылға, 2005 жылы "Грузия банк" қызметкерінің өліміне қатысы бар деген күдікпен 3 жылға және Тбилисиге бөлінген қаржыны жеке басына пайдаланып 5 миллион долларды жымқырды деген айыптар тағылған экс-президентке тағы бір айып тағылуы мүмкін.