Ауғанстанның орталық қаласындағы жойқын жарылыстан және қарулы шабуылдан 10 адам қаза тауып, 30-ға жуық адам зардап шекті. Шабуыл Кабулдың Диспичери ауданындағы Британ қауіпсіздік күштеріне бағытталған. Бұл туралы Ауғанстанның телеарналары хабарлады.
Хабарда шабуылды кімдердің ұйымдастырғаны туралы анық мәлімет жоқ. Ауғанстан Қауіпсіздік басқарамасының баспасөз хатшысы Басир Мүжаһидтің берген мәліметінде, лаңкестердің бірі жарылғыш тиелген көлікпен ағылшын қауіпсіздік күштері орналасқан ғимарат қақпасының алдында жарып жіберген.
Жарылыс бола салысымен қарулы содырлар ғимаратқа басып кірген. Қауіпсіздік күштері мен лаңкестер арасында атыс 10 сағатқа жуық жалғасқан. Атыс кезінде 4 қарулы лаңкес өлтірілген. Залалсыздандырылған лаңкестерді қосқанда 10 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алған.
Қазір Ауғанстан үкіметі Талибандармен келіссөз жүргізуге күш салуда. Алайда, бұл құлшыныстары террорлық топтардың қарулы шабуылдарын тоқтата алар емес.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы