Өзбекстан армиясының 10 мың сарбазы мақта теру жұмыстарымен айналысуда.
Өзбекстанның Сырдария облысына қарасты Ақалтын ауданында 10 мың тұрақты армия сарбаздары мақта теру жұмыстарына жегілген. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ өкілдеріне мақта теруге келген сарбаздардың бір айтқан. Кейіннен бұл ақпаратты жергілікті билік өкілдері де растаған.
Мақта алқабына бір жылдық келісімшарт негізінде келген сарбаздар мен әскери оқу орындардың студенттері жеткізілген. Бұйрық бойынша, олар 20 қыркүйек пен 5 желтоқсан аралығында Ақалтын ауданында болуы тиіс. Бірақ қазіргі таңда алқапта теретін мақта қалмаған. Десе де, сарбаздар таң атқаннан кеш батқанға дейін алқапта жүруге міндеттелген.
Өзбекстан қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жыл сайын Республика бойынша 30-35 мың жасөспірім әскерге шақырылады. Қазіргі таңда тұрақты армия саны 48 мың сарбазды құрайды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?