Германия канцлері Ангела Меркель Киевке сапары кезінде Украина Еуроодаққа 5-8 жылдан кейін мүше бола алатынын айтты.
Жоғарғы Рада депутаты, «Петр Порошенко блогы» фракциясының бірінші орынбасары Игорь Кононенко Меркельмен кездесу ұйымдастырып, Украинаның НАТО мен Еуропалық Одақ құрамына енуі туралы жан-жақты талқылаған. Ол «еуропацентризмге ену үшін бес жыл да жеткілікті» екендігін айтқан.
Бұған дейін Жоғарғы Раданың бірінші оқылымында Украинаның Еуроодаққа және НАТО-ға ресми мүше болуы туралы заңға қол қойылды. Украина президенті Петр Порошенко Еуроодаққа 2025 жылы толықтай енетінін мәлімдеп, Конституцияға бірқатар өзгерістер енгізді.
Айта кетейік, біраз уақыт бойы НАТО-ның парламенттік ассамблеясы «агрессорлық Ресейдің қауіп-қатеріне қарсы тұру үшін» Украинаны альянсқа қосуды талқылаған. Алайда, Мәскеу тарапы Шығыс Еуропада басқыншылық саясат жүргізіп отырғанын түбегейлі жоққа шығарды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді