Дубайда өткен Бас Ассамблея ұйымының 87-ші сессиясы кезінде Оңтүстік Кореялық Ким Чон Ян Интерполдың жаңа президенті болып тағайындалды.
Аталған лауазымға корей елінің азаматынан бөлек, Ресей ішкі істер департаментінің генерал-майоры, бұған дейін Интерполдың Еуропа бойынша вице-президенті болған Александр Прокопчук үміткерлік еткен.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында із-түссіз жоғалған экс-президент Мэн Хунвэй кейіннен Қытай елінен табылып, үстінен жемқорлыққа қатысы бар деп айыпталған болатын. Осы оқиғадан кейін Мэн Хунвэй қазан айында отставкаға кету туралы өтініш берген. Ал, оның орынына вице-президент Ким Чон Ян осы уақытқа дейін басшылық жасап келді.
Бұдан бұрын АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео «Халықаралық қылмыстық ұйымға ластанбаған адам басшы болуы тиіс, осы ретті Ким мырзаға сенім білдіремін» деп мәлімдеген еді. Сонымен бірге АҚШ-тың бір топ сенаторлары Дональд Трампқа Прокопчуктің үміткерлігіне қарсы өтініштерін білдірген. Олардың ойынша, бұл қадам Ресейдің Интеропол заңдарын бұзуға әкеліп соғуы мүмкін. Себебі, ұйымды пайдалану арқылы саяси қарсыластарын, мемлекеттік идеологиямен келіспейтіндерді және журналистерді бақылауда ұстап отыруы мүмкін екендігін жеткізген.