Грузия елінде өткен президенттік сайлаудың екінші кезеңінде тәуелсіз кандидат Саломе Зурабишвили жеңіске жетті.
Орталық Сайлау Комиссиясының мәліметі бойынша, Грузия тұрғындарының 98,5 пайызы сайлауға қатысқан. Осы ретті Саломе Зурабишвили 60 пайызға жуық дауыс жинады. Осылайша, Грузияның ең бірінші нәзік жанды басшысы атанды. Ал оның қарсыласы оппозициялық партияның өкілі Григол Вашадзе 40 пайыз дауысқа ие болды.
Ең алғаш аталған лауазымға 25 азамат өз үміткерлігін ұсынған. Алайда, 28 қазанда өткен сайлаудан ешқандай кандидат 50 пайыздан аса дауыс жинай алған жоқ. Сондықтан, екінші кезеңге ең жоғары дауыс жинаған екі үміткерді қатыстырған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Саломе Зурабишвили Грузия елінің бесінші президенті атанды.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті