Ұлыбритания өзінің ЕО серіктестерімен бірге адам құқығының тапталуына байланысты Эр-Риядқа жаңа санкция салудың мүмкіндіктерін қарастырып отыр. Оның ең басты себебі саудиялық журналист Жамал Хашоггидің айуандықпен қаза табуы. Бұл туралы британияның сырты істер министрлігі хабарлады.
Құжатта көрсетілгендей Лондон өзінің нақты бағытында қалып, Хашогги қазасына қатысы барлардың әділетті жазаға тартылуын көздеп отыр.
«Ұлыбритания және оның серіктестерінің келесі қадамы Сауд Арабиясының соңғы сөзіне байланысты болмақ. Біз мұндай оқиғаның болашақта қайталанбауына сенімді болуымыз керек. Қазіргі таңда Еуро Одақтағы серіктестерімізбен барлық мүмкіндіктерді қарастырып, Эр-Риядтың адам құқығын жабайылықпен бұзғандығы үшін жаһандық санкция салуды көздеп отырмыз», деп британияның сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде жазылған.
Сол секілді мәлімдемеде Ұлыбритания өзінің соңғы шешімін Хашогги ісі аяқталғаннан кейін бірақ қабылдайтындығы да ескертілген.
Естеріңізге сала кетейік, Жамал Хашогги 2 қазанда Ыстамбұлдағы Сауд Арабия консулдығында ізім-ғайым жоғалып кеткен. Бірнеше күннен соң марқұмның дене бөлшектері қала маңынан табылды. Өткен аптада Сауд Арабиясы Хашоггиді консулдықта «қылқындырып өлтіргенін» мойындап, халықаралық қауымдастықтың қатаң сынына ұшырады. Бұл тарап «Хашогги ісіне» қатысы бар он сегіз адамды тұтқынға алды және жоғары шенді бес кеңесшіні лауазымынан айырды. Сондай-ақ, тақ мұрагері Мұхаммед Салманның да орынын босатуы әбден мүмкін.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі