Еуропалық комиссия Италияға бюджет үшін санкция енгізді.
Еуропа Одағы тарихта алғаш рет одаққа мүше мемлекеттердің бірінің бюджет тапшылығы туралы жобасын жоққа шығарып отыр. Reuters агенттігінің хабарлауынша, санкция тікелей Италияға қаржылай көмекті қысқарту мақсатында қарашаның 21-інде қолданысқа енеді. Еуротоп Италияға келесі жылдың бюджет жобасын дайындауға 1 апта уақыт берген. Алайда, Италия тарапы бұл ұсынысқа түбегейлі қарсылық білдірді. Италия ішкі істер министрі Маттео Сальвини «егер Еуропаға бұл ұнамаса, Рим бәрібір өз қалауын жүзеге асырады» – деп мәлімдеген. Ал Еуротоп төрағасы Марио Сентеноның айтуынша, Италияның келер жылғы бюджеті Еуропалық Одақ талаптарына сай келмейді.
Биыл маусымда Рим әлеуметтік бағдарламаларға қатысты бюджет көлемін 0,9%-ға ұлғайтуды ұсынып, Брюссель оны кері қайтарды. Себебі екі тарап ұсынысындағы айырмашылық 25 миллиард еуроға жеткен. Осыған дейін Еурокомиссия одақ құрамындағы елден алғаш рет бюджет жобасын толықтыруды талап еткен болатын. Бірақ, 2019 жылға арналған ел бюджетінің нақтыланбауына байланысты қатаң қаулы жүзеге аспақ.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес