АҚШ вице-президенті Майк Пенс АСЕАН елдерінің саммитінде жасаған мәлімдемесінде, Уашингтон Солтүстік Кореяға бағыттаған санкция тегеурінін босатпайтынын айтты және ұйымға мүше елдерді Солтүстік Корея толықтай ядролық қарудан бас тартқанға дейін экономикалық қысымды жалғастыруға шақырды.
Жұма күні АСЕАН жиналысында жасаған мәлімдемесінде: «Біз Солтүстік Корея толық және дәлелді түрде ядролық қарудан бас тартуын қолға келтіргенше, БҰҰ қабылдаған санкцияларды сақтауға, экономикалық қысымды жалғастыруға тиіспіз», – деді.
Осы күні Солтүстік Корея басшысы жаңа тактикалық қарудың сынағын бақылап өткізген. Бұл Солтүстік Кореяның бірнеше айдан бергі қару-жарақ жобаларындағы жаңа оқиға болды. Сынақтан кейін Ким Жоң Ун: «Бүгінгі сынақтың қорытындысы партияның ұлттық қорғаныс ғылымы мен техникасын шоғырлы дамытуының дұрыстығын дәлелдеді. Сондай-ақ, еліміздің өңірде ең қарқынды дамып келе жатқан қорғаныс мүмкіндіктерін әйгіледі. Сонымен қоса, әскери-жауынгерлік қабілетті серпінді дамыту керек», – деді.
Маусым айында өткен Трамп-Ким саммитінен бері қарай, екі ел арасында бірқатар дипломатиялық жетістіктер болды. Алайда, ядролық қарудан бас тарту ісінде Солтүстік Корея АҚШ күткен жерден шыға бермеді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау