Қазақстан жанармайы Ресейге кетіп жатыр. Шекараны барынша қадағалау керек деп мәлімдеді энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
Ол Ресейде бензин бағасының қымбат болуынан жанармай тапшылығы орын алып жатқанын айтты.
«Ресеймен шекаралас аймақта жанармай бағасы күрт өсіп кетті. Егер үш миллион халқы бар Түркістан облысы мен 700- 800 мың халық тұратын Қостанай немесе Батыс Қазақстан облысымен салыстыратын болсақ, соңғы екі облыста бензинге деген сұраныс көп. Бұл жанармайдың әрі қарай Ресей асып жатқанын білдіреді. Сондықтан шекараны қатаң бақылауға алу керек», - деп мәлімдеді Бозымбаев.
Энергетика министрінің бұл ұсынысы бүгін өтетін үкімет отырысында талқыланбақ.
"The Qazaq Times"


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?