Ресейдің "РусГидро" компаниясы Гаага сотында "Жоғарғы Нарын ГЭС каскады" жобасына байланысты сот процесінің мерзімі анықталғанын ресми мәлімдеді.
Мекеменің сайтында жарияланған мәліметке қарағанда, компанияның Қырғызстанға қарсы сотқа берген арызына Бішкек 2019 жылдың 15 сәуіріне дейін жауап беру тиіс.
"РусГидро" Бішкектің "соттасу жөнінде хат алмадық" деген мәлімдемесін теріске шығарды. Компания 2018 жылдың 15 қаңтарында Қырғызстан президенті, үкімет басшысы, экономика министрлігі, сыртқы істер министрлігі және басқа да ресми мекемелеріне істің халықаралық сотқа берілгені туралы ресми хат жолданғанын мәлімдеді.
Бұған дейін Қырғызстан сыртқы істер министрлігі ақпарат департаментінің басшысы Муратбек Азимбакиев «Ресейдің "РусГидро" компаниясы Қырғызстанға қарсы Гаага сотына арызданғаны туралы Бішкекке ресми хат жолдаған жоқ» деп мәлімдеген.
2012 жылы Қырғызстан және ресей үкіметтері Қамбар-Ата-1 және Жоғарғы Нарын ГЭС каскадын салу бойынша келісімге қол қойған. Келісімге сәйкес, Қамбар-Атаны "Интер РАО" компаниясы, Жоғарғы Нарын ГЭС каскадын "Русгидро" салуы керек болған. Бірақ құрылыс тым созылып кеткеннен кейін, 2016 жылы Қырғызстан тарапы келісімді біржақты бұзған. Кейіннен Ресей тарабы құрылысқа жұмсаған 37 миллион долларды кері қайтаруды талап еткен. Ал қырғыз тарабы бұл ақша тым көп деп күмәндәніп, халықаралық аудит өткізуді сұраған.