АҚШ президенті Дональд Трамп кезекті бір мәлімдемесінде, Солтүстік Кореямен санкцияларды жеңілдету туралы келіссөзге асықпайтынын білдірді. Сәрсенбі күнгі баспасөз жиынында Трамп: «Мен санкцияларды алып тастауды қалаймын. Бірақ, олар да (Солтүстік Корея) осыған лайық жауап беруі керек. Бұл екі қос бағыттағы жол секілді», – деді.
Трамп журналистерге, өз үкіметінің Солтүстік Кореямен диалог ісінде осыған дейінгі үкіметтер жете алмаған табысқа жеткенін атап көрсетті. Ол және келесі жылдың бас шенінде Солтүстік Кореяның ең жоғары басшысы Ким Жоң Ун мен екінші рет келіссөз өткізуді жоспарлап отырғанын, мемлекеттік хатшы Помпео мен Ким Яң арасында да кездесудің болатынын білдірді.
Трамптың мәлімдемесінен бірнеше сағат бұрын, Солтүстік Корея басшысының кеңесшісі Ким Яң мен Помпео арасындағы бейсенбі күні өтуге тиісті кездесу күшінен қалдырылғаны мәлім болған. Мәліметтерге қарағанда кездесуді кейінге қалдыру АҚШ мемлекеттік департаменті жағынан талап етілген. Алайда, Мемлекеттік департамент бұл туралы толық түсінік бермеді.
Дегенмен, Трамп үкіметі алдағы уақытта Солтүстік Кореямен келіссөздердің тура бағытта дамитынын айтады.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы