Президент күзетінің экс-қызметкері Вадим Кошляк сырттай қамауға алынды.
Алматы соты таратқан мәлімет бойынша, мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Рахат Әлиев ісі бойынша сотқа тартылған Вадим Кошлякты екі айға қамауға алу жөнінде шешім шығарған.
Қалалық соттың хабарлауынша, қазан айының 1-і күні Кошлякқа іздеу жарияланғандықтан шешім сырттай қабылданған. Вадим Кошляк Михайлович ҚР Қылмыстық кодексының 181 бабы бойынша айыпталып отыр.
Вадим Кошляк 2015 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев пен ҰҚК экс-төрағасы Әлнұр Мұсаевпен бірге 2007 жылы Нұрбанк топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасановты қастандықпен өлтірді деп айыпталған. 2015 жылы Вена соты оны екі жылға шартты жазаға кескен. Қазақстан Бас прокуратурасы мен Австрия прокуратурасы және өлтірілген екі банкир туыстарының адвокаттары соттың бұл шешіміне қарсылық білдірген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?